Lorem ipsum dolor sit amet, at mei dolore tritani repudiandae. In his nemore temporibus consequuntur, vim ad prima vivendum consetetur. Viderer feugiat at pro, mea aperiam

Мектеп тарихы
Алғашқы мектеп 1962 жылы бастауыш сынып негізінде құрылды. Мектеп меңгерушісі болып 1962-1996 жылдарда Нұғманов Жобайхан жұмыс істеді. Мектепте екі мұғалім ғана болған.
1966-1971 жылдар аралығында меңгеруші болып Жұмажанов Төлепбек жұмыс істеді. Мектепте ауыл шопандарының балалары  15-20 оқушы ғана оқыған.
1971-1976 оқу жылдарында меңгеруші болып Хамзин Мұрат жұмыс істеді.
1975-1976 оқу жылында бастауыш мектеп «Асусай сегіз жылдық мектеп» болып құрылды. Мектептің директоры Хамзин Мұрат, оқу ісінің меңгерушісі Ақаева Айгул болып тағайындалды.
Мектеп жанынан  шопандардың  балаларына арналған бюджеттік интернат ашылды. Алғаш интернатта 25-30 бала тұрды.
Интернат меңгерушісі Мейрбаев Айтқали, тәрбиешілері Бердіханова Гулнар, Қызырова Гулнар, аспазшы болып Икрамова Ардақан жұмыс істеді. 1976-1984 жылдар аралығында мектеп директоры болып Ихсанова Кулазия қызмет істеді.
1984-2004 жылдарда мектеп директоры Алибаев Рахадыл, оқу ісінің меңгерушісі Хамзин Мұрат болып қызмет істеді.1991 жылғы зілзаладан кейін Р. Алибаевтың бастауымен 115 орындық жаңа типті мектеп салынды.1992жылы пайдалануға берілді.
1997-1998 оқу жылының  қаңтар айына дейін тоғыз жылдық мектеп болып келді. 1998жылдың ақпан  айынан бастап 10-сынып ашылып, сынып жетекшісі Сулейменова Макен болды.
1998-1999 оқу жылынан бастап «Асусай орта мектеп» болып құрылып, мектеп директоры Алібаев Рахадыл, оқу ісі жөніндегі орынбасары Сулейменова Макен, тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Жунусова Арай болып қызмет атқарды.
Мектеп директоры Алибаев Рахадыл басқарған 1984-2004 жылдарда мектеп  аудан мектептері  ішіндегі  оқу- тәрбие  жұмысынан алдыңғы қатарда  көрініп, үлгілі мектеп атанды.
2005-2011 жылдар аралығында мектеп директоры болып Абайканов Болат қызмет істеді.
2011-2012оқу жылынан бастап мектеп директоры  Алибаев Кайрат Ракадылович, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сулейменова Макен Канагатовна  тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Нурсафина Айша Нуркасымовна  болып қызмет атқарып келеді.
2011-2012 оқу жылының желтоқсан айында мектеп директоры Алибаев Кайрат Ракадыловичтың бастауымен мектеп жанынан  40орындық «Балапан» шағын орталығы ашылды онда 10штат бірліктері ашылып ауыл жастары жұмысқа тартылды.
2015-2016 оқу жылынан бастап мектеп «Асусай мектеп- балабақша кешені» КММ болып өзгертілді.
2019-2020 оқу жылынан бастап мектеп директоры Алибаев Кайрат Ракадылович, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмағалиқызы Нұргүл тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары  Нурсафина Айша Нуркасымовна  болып қызмет атқарды.
2020-2022 оқу жылынан бастап мектеп директоры Алибаев Кайрат Ракадылович, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Асем Канатовна тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары  Нурсафина Айша Нуркасымовна  болып қызмет атқарып келді.
2022-2023 оқу жылында Нурсафина Айша Нуркасымовна мектеп директорының уақытша міндетін атқарды. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Асем Канатовна.
2023 жылдан бастап директордың уақытша міндетін атқарушы болып Ахметова Асем Канатовна жұмыс жасады.  Тәрбие ісі меңгерушісі Сайлаубаева Асем Сайлаубайқызы
2024 жылы мектеп директоры Ахметова Асем Канатовна мектеп директоры болып тағайындалды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сайлаубаева Асем Сайлаубайқызы. Тәрбие ісі меңгерушісі Туржанова Сания Кумарбековна.